Мен, Кегенова Гүлнар Болатқызы 1978 ж. Алматы облысы, Шелек ауданында дүниеге келдім.1986- 1996 жылдары Шелек ауданы, Қорам ауылдық округіндегі 11 жылдық Қорам орта мектебін үздік аттестатқа аяқтадым. 1996-2001 ж.ж. аралығында Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Зоотехния, мал шаруашылығы менеджері» мамандығы бойынша 5 жылдық жоғарғы оқу орнын үздік дипломмен бітірдім. 2002 жылы осы университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша» «Балықтардың селекциясы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірдім. 2002-2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Жеке мал шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру ісі» кафедрасында «Балық өсірудің жаңа нысандары» саласында стажер-зерттеуші болып жұмыс істедім. 2003-2004 жылдары аталған кафедрада ассистент қызметіне қабылданып, студенттерге сабақ бердім. 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Биология факультетінің «Зоология және ихтиология» кафедрасына оқытушы қызметіне толық жүктемеге жұмысқа орналастым. 2013-2020 жылдар аралығында мен оқу – әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі жұмыстар бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін қосымша жұмыс ретінде атқардым. 2020-2023 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламасына докторантураға оқуға түсіп, 2024 ж. 10 желтоқсанда диссертациямды қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алдым. 2023-2024 жылдары Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі қызметін атқардым. 2024-2025 жылдары осы кафедраның аға оқытушы қызметінде жұмыс істедім 2025-2026 оқу жылында жаңа құрылған Зоология, гистология және цитология кафедрасының меңгерушісі қызметіне жұмысқа қабылдандым. Қазіргі кезде «6В08402 – Аквакультура және су биологиялық ресурстары» мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантурада білім беру бағдарламаларының координаторымын. Республикалық оқу – әдістемелік Кеңестің «Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша мүшесімін. Университет көлемінде ұйымдастырылатын ғылыми - әдістемелік конференцияларына, сонымен қатар, ҚР тыс жерлерде өткізілетін халықаралық ғылыми конференциялардың белсенді қатысушысымын. Қазіргі кезде аға оқытушы Г.Б. Кегенованың 50-ден астам ғылыми және әдістемелік мақалалары мен тезистері, 5 оқу – әдістемелік құралдарды ашық баспада жарияланған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

қазмемл.ауыл.шаруаш. Инст.
Магистратура
2002

қазмемл.ауыл.шаруаш. Инст.

Жоғары

2001

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
18.12.2024
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

5

Цитирования
12 по 12

құжаттар

h-индексі

2