Мамурова Асем Тілеужанқызы Биология ғылымдарының кандидаты (к.б.н.), қауымдастырылған профессор, ботаника және агроэкология кафедрасының профессор міндетін атқарушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Байланыс: Тел.: +7 (702) 611-84-30 E-mail: amamurova81@mail.ru Мамурова Асем Тілеужанқызы 1981 жылы 20 қаңтарда Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетіне түсіп, 2002 жылы үздік дипломмен бітірді. 2002–2004 жылдары магистратурада білім алып, «Қолдан өсірілген Inula macrophylla Kar. et Kir. және Inula helenium L. дәрілік өсімдіктерінің онтогенезі» тақырыбында магистрлік диссертациясын үздік қорғады. 2004–2006 жылдары аспирантурада «Inula туысының дәрілік түрлерін құрылымдық және фитохимиялық зерттеу» тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізді. 2009 жылы 28 мамырда 03.00.05 – Ботаника мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, 2009 жылы 23 қарашада ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (ҒК №0003685). 2021 жылы ҚР БҒМ шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді (№0000390). Еңбек жолын 2004 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ботаника кафедрасында лаборант болып бастап, кейіннен маман, аға маман, оқытушы, аға оқытушы, доцент м.а., профессор м.а. қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда ботаника және агроэкология кафедрасының профессор міндетін атқарушы. Ғылыми бағыты — ботаника, өсімдік экологиясы, дәрілік өсімдіктер және Қазақстанның жабайы флорасының ресурстық әлеуеті. Автордың 78-ден астам ғылыми еңбегі, соның ішінде 1 монография, 1 оқулық («Лекарственные растения»), 3 пайдалы модельге патенті бар. Соңғы бес жылда Web of Science және Scopus базаларында 50-ден астам мақала жарияланған. Хирш индексі – 5. А.Т. Мамурова — 2009 және 2019 жылдары талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері, 2023 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы. Ғылыми және педагогикалық қызметін ұштастырып, студенттер мен жас ғалымдарға үлгі болып келеді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2002

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.11.2009

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
16.04.2021

Автордың құжаттары

16

Цитирования
262 по 260

құжаттар

h-индексі

6