Ибрагимов Талгат Садуакасович биология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1964 жылы 26 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы Дермене ауылында дүниеге келген. E-mail: ecopastbish@mail.ru. https://orcid.org (0000-0001-8902-9042). Хирш индексі 3, ID – 56046663600. 1987-1992 жылдары Әл- Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті биология факультетінде білім алып, геоботаника мамандығы бойынша бітіріп шықты. Сол жылы Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми - зерттеу инситутының шақыруымен жайылым және мал азығын өндіру бөлімінің жайлымдарды ара қашықтықта бақылап барлау зертханасына аға ғылыми қызметкер болып қабылданды. 1992-2011 жылдары жайылым және мал азығын өндіру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері қызметін атқарған. 2006 жылы «Оңтүстік шығыс Қызылқұм жайылым өсімдіктеріне антропогенді факторлардың әсері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, биология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 2011 - 2018 жылдары жайылым және мал азығын өндіру бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызметін атқарды. 2018 - 2021 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті кейінен Silkway - халықаралық университеті болып ауыстырылған университетінің аға оқытушысы, профессор лауазымында қызмет жасады. 2021-2024 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің биология және география кафедрасының доценті қызметін атқарды. Ондағы дәріс берген пәндер тізімі: «Геоботаника және биогеография негіздері», «Қазақстанның биоресурстары», «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлау» «Заманауи биологияның өзекті мәселелері», «Биология саласындағы соңғы жылдардағы ғылыми жетістіктер», «ҚР жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі және қорғау», «Қазақстандағы қорықтар ісі». 2024 жылдың қыркүйегінен әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доцент міндетін атқарушы қызметінде. Бакалаврда оқитын курстары: «Өсімдіктермен жануарлардың биоалуантүрлілігі», «Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы» пәні. Ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттары: «Геоботаника», «Өсімдіктер систематикасы», «Ботаника», «Өсімдіктердің және жануарлардың алуантүрлілігі», «Дәрілік өсімдіктер» «Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы». Т.С. Ибрагимов бакалавр бітірушілеріне және 1 доктарантқа ғылыми жетекшілік етеді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
01.07.2006 |
0
құжаттар
0