Айжан Қайратқызы Сабденбекованың өмірбаяны Алматы облысында, Панфилов ауданында, Жаркент
қаласында 1991 жылы дүниеге келген. 2008 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін С.Д.
Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетіне "Жалпы медицина" факультетіне түсіп, 2013
жылы бакалавриатты бітірді. 2013 жылдан 2015 жылға дейін "Педиатрия" мамандығы бойынша
интернатурада оқып, 2016 жылдан 2018 жылға дейін С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да
педиатрия бойынша резидентурада оқыды. 2018 жылдың маусым айынан 2021 жылдың желтоқсан айына
дейін Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №3 қалалық емханасында дәрігер-педиатр
қызметін атқарды.2022 жылдың ақпанынан 2024 жылға дейін Алматы қалалық денсаулық сақтау
басқармасының №36 қалалық клиникалық емханасында педиатрия бөлімінің меңгерушісі қызметін
атқарды.2022 жылдың қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
клиникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. Жалпы жұмыс өтілі-10 жыл. Үш
тілді (қазақ , орыс, ағылшын) меңгерген. Білікті педиатр,
"Педиатрия"мамандығы бойынша ,бірінші санатқа ие болды.