Тыналиева Шынар Айтжанқызы
Білімі: Қазақ мемлекеттік медицина университеті
Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі
1998 жылдан 2002 жылға дейін Қаратал аудандық ауруханасы мен аудандық емханада невропатолог
дәрігер болып жұмыс істеді. 2002 жылы кардиология мамандығы бойынша бастапқы мамандандырудан
өтіп, Жедел жәрдем ауруханасында жансақтау бөлімінің дәрігері қызметін атқарды. 2003 жылы
кардиология бөліміне кардиолог қызметіне ауыстырылды. 2013 жылы кардиология бөлімінің
меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2018 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша созылмалы жүрек
жеткіліксіздігі (СЖЖ) бағдарламасының және сол жақ қарыншалық көмекші құрылғы (LVAD)
үйлестірушісі болып қызмет атқарады.
2010 жылы «Кардиология» мамандығы бойынша жоғары санат берілді.
Кардиология, ішкі аурулар, ЭКГ және эхокардиография (ЭХО) бойынша маманданған.