2010 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтадым. 2010–2011 жылдар аралығында С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Жалпы тәжірбиелі дәрігері» мамандығы бойынша интернатурадан өттім. Интернатураны аяқтаған соң, 2011 жылы «Кардиохирургия, оның ішінде балалар кардиохирургиясы» мамандығы бойынша резидентураға оқуға түстім. Оқу "А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының" базасында, "Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде" өтті. Резидентура барысында негізгі назарды кардиохирургияға, интервенциялық кардиологияға және аритмологияға аудардым. 2011–2015 жылдар аралығында резидентурамен қатар, жедел жәрдем қызметінің, "№4 қосалқы станциясында" екінші санатты дәрігер ретінде, кардиологиялық бригада құрамында жұмыс істедім (ШЖҚ "ЖМЖС" МКК). Резидентураны 2015 жылы аяқтадым. 2015–2016 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы ШЖҚ МКК "Облыстық кардиологиялық орталығында" интервенциялық кардиолог болып қызмет атқардым. 2016–2022 жылдар аралығында ШЖҚ МКК «Алматылық көпсалалы клиникалық ауруханасында» рентген- эндоваскулярлық хирургия бөлімінде интервенциялық кардиолог болып жұмыс істедім. 2021–2023 жылдар аралығында ШЖҚ МКК «№7 Қалалық клиникалық ауруханасында» интервенциялық хирургия және аритмология бөлімінде интервенциялық кардиолог ретінде қызмет атқардым. 2021 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ МКК «Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасында» Эндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етудемін. 2019 жылы "Қазақстан медициналық университетінің" «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебін» бітіріп, "медицина ғылымдарының магистрі" академиялық дәрежесін иелендім. Интервенциялық кардиология, кардиология, кардиохирургия және ангиохирургия бойынша маман сертификаттарым бар. Кардиология саласындағы жедел коронарлық синдром, шұғыл жағдайлар бойынша бірнеше рет біліктілікті арттыру курстарынан өттім. Республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатыстым, 20-дан астам ғылыми мақала жарияладым. Кардиохирургия саласына қатысты «Митралды қақпақшаның туа біткен жетіспеушілігі кезінде оны пластикалау тәсілі» тақырыбындағы өнертабысқа авторлық еттім (инновациялық патент нөмірі: 28825).


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.Асфендияров атынд.ҚазҰМУ
Бакалавриат
2010
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0