Басты бет / Медицина және денсаулық сақтау / Мейіргер ісі / Сейтманова Айнұр Болысбекқызы

Сейтманова Айнұр Болысбекқызы

Лауазымы: аға оқытушы
мейіргер ісі кафедрасы
Жасырылған
       Мен, Сейтманова Айнұр Болысбекқызы, 1990 жылдың 6 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы Алматы қаласындағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриатқа оқуға түсіп, 2012 жылы білімімді аяқтадым. 2012 жылы осы университеттің интернатурасына қабылданып, 2014 жылы «Жалпы медицина» факультеті бойынша «Дәрігер гигиенист-эпидемиолог» мамандығын меңгердім. 2015 жылы "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетінде «6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсіп, 2017 жылы медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алдым. Еңбек жолымды 2017 жылдың 4 қыркүйегінде «Казахский медицинский университет непрерывного образования» АҚ-да денсаулық сақтау менеджменті және мейіргер ісі курсы кафедрасының оқытушысы қызметінен бастадым. 2017 жылдың 29 қарашасынан 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде фармакология кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқардым. 2021 жылдың 23 қарашасынан 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін осы университеттің фармакология кафедрасында ассистент қызметін атқардым. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің фундаменталды медицина кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарып келемін. Отбасылық жағдайым — тұрмыстамын. Екі қызым және бір ұлым бар. Отбасыма, кәсіби қызметіме және студенттерге білім беру ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғам денсаулығын нығайтуға бағытталған ғылыми және педагогикалық бағыттағы жұмыстарымды жалғастырып келемін.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
С.Асфендияров атынд.ҚазҰМУ Жоғары 2014
Академикалық дәреже

1

Сейтманова Айнұр БолысбекқызыИбраймжанова Ж.Е., Нұрлыбаева М.Н., Қажиғалиқызы Р.., Оспанова Д.А., Билибаева Г.Ж. 2024 - г. 5 - стр. 0
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0