Мен, Момынов С.Б., 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетіне оқуға түсіп, 2012 жылы үздік дипломмен (қызыл диплом) тәмамдадым. Сол жылы әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасына қабылданып, 2014 жылы оқуын сәтті аяқтадым. 2010 жылдан бастап Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтында (НИИЭТФ) қызмет атқарып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып келемін. Кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында АҚШ-тың Аризона университетінде профессорлар Давлетов А.Е. және Габитов И.Р. жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өттім. Тағылымдама барысында метаматериалдардың оптикалық қасиеттерін зерттеумен айналыстым. 2016–2019 жылдар аралығында Satbayev University-де «6D072300 — Техникалық физика» мамандығы бойынша докторантурада білім алдым. Оқу кезеңінде ғылыми нәтижелерім жоғары импакт-факторы бар Q1 санатындағы ғылыми журналдарда жарияланды. Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулерім астрофизика мәселелеріне бағытталған. Әртүрлі метрикалар үшін массасы m болатын бөлшектер мен массасы нөлге тең фотондардың ұсталыну қимасын зерттеймін.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2012
Қызығушылығы