Ә.Ә. Темірбаев 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Физика факультетіне оқуға түсіп, 2007 жылы аталмыш факультетті үздік дипломмен бітіріп, сол жылы университеттің магистратурасына оқуға түседі. 2009 жылы докторантураға қабылданып, 2012 жылы докторлық дисстертациясын сәтті қорғап шықты. Ә.Темірбаевтың диссертациялық жұмысында алғаш рет экспериментте физикалық жүйеде квазипериодтық өзқауым динамикасы анықталды. Сондай-ақ, алғаш рет электрондық генераторлар арасындағы бейсызық байланыс зерттелді. Ғылыми нәтижелер әйгілі Physical Review журналында жарыққа шықты. Ә.Ә. Темірбаев 2012 жылы университеттің инженерлік бейіндегі лабораториясына меңгеруші болып тағайындалып, 2015 жылға дейін осы қызметте жұмыс атқарады. Аз уақыттың ішінде лабораторияны аккредиттеу жұмыстарын қолға алып, алғашқылардан болып лабораторияны аккредитациядан өткізеді. 2015 жылдың басында ҚазҰУ-дың «Ғылыми-технологиялық паркіне» директор қызметіне тағайдалады. Бұл қызметте Ә.Темірбаев университеттегі студенттік кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлес қосты. Директорлық қызметін атқарған уақыт аралығында 20-дан аса студенттік стартап компаниялар құрылды, бүгінгі таңда солардың басым бөлігі Қазақстан және шетел нарықтарында өз қызметтерін атқаруда. Ә.Ә. Темірбаев 2012-2017 жылдар аралығында университеттің алғашқы наножерсерігін жасау ғылыми жобасында жауапты қызметкер болды. Қажырлы еңбектің арқасында 2017 жылдың ақпан айында алғашқы Қазақстандық «al-Farabi-1» наножерсерігі ғарышқа ұшырылды. Арадан бір жыл өткеннен соң 2018 жылдың желтоқсан айында «al-Farabi-2» наножерсерігі де сәтті ғарышқа ұшырылды. Алғашқы қазақстандық наножерсеріктің жасалуына және оның ғарышқа ұшуына қосқан үлкен үлесі университет басшылығы тарапынан бағаланып, Ә.Темірбаев университет тарыхындағы ең жас «Әл-Фараби» күміс медалі иегері атанды. Ә.Ә. Темірбаев 2019 жылдан бастап Қазақ ұлттық университеті Инженерлік және ғылымды қажет ететін технологиялар Кластерінің Бас директоры қызметінде жұмыс атқаруда. 2018-2020 жылдар аралығында №0116-18-ГК «Білім беру мекемелеріне арналған шағын ғарыш аппараттарының инновациялық конструкторларын өндіру» атты ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасының жетекшісі, сондай-ақ, халықаралық ЮНИСЕФ ұйымымен бірлескен «UniSat қыздарға арналған наноспутниктік білім беру бағдарламасы» атты халықаралық жобаның координаторы болып табылады. Ә.Ә. Темірбаев қазақ тілінде бірнеше курстарды жүргізеді: «Электронды жүйелердегі синхрондау», «Физика».


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2007

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
01.04.2013
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0