Басты бет / Физика-техникалық / Электроника және астрофизика кафедрасы / Акниязова Айгерим Жанатовна
Акниязова Айгерим Жанатовна
Лауазымы: аға оқытушы
электроника және астрофизика кафедрасы
Акниязова Айгерим Жанатовна жаратылыстану ғылымдарының магистрі. 2014-2018 жж. аралығында
бакалавриат әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде
«Физика және Астрономия» мамандығын аяқтаған. 2018-2020 жж. «Физика және Астрономия»
мамандығының магистратураны бітіріп, жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық
дәрежесіне ие болды.
Акниязова Айгерим Жанатовна 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап оқытушы қызметінде жұмыс
істейді. Оның келесі пәндерді оқытуда тәжірибесі бар: «Физика», «Жалпы Астрономия», «Физика
және астрономияны оқыту теориясы мен әдістемесі», «Планеталарды зерттеудің спектрлік
әдістері», «Галактикалық астрономия», «Галактикалар эволюциясы», «Физиканы оқыту
әдістемесі», «Астрофизика негіздері», «Астрометрия», «Ғаламшарлар физикасы», «Сандық
ғарыштық байланыс», «Айнымалы жұлдыздар физикасы», «Астрофизикалық процестерді компьютерлік
модельдеу», «Ғылыми зерттеудің әдістері».
Оқытушылық қызметімен қатар, ол ғылыми зерттеу бағытында қызмет етеді. Ғылыми қызметін 2018
жылы бейсызық физика зертханасында бастап, студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі»
атты халықаралық конференцияларына қатысқан. АР14872061 «Шуылды MIMO сигналдарының модуляция
түрлерінің классификациясы» және АР19674716 «Box-covering" алгоритміне негізделген сымсыз
'mesh' желілерін бағыттау» атты ғылыми жобаларында ғылыми қызметкер жұмысын атқарады. Ph.D
докторантура бағдарламасы аясында АҚШ-та Гринсборо қаласындағы Солтүстік Каролина
Университетінде ғылыми тағылымдама барысында спектрлік және фотометрлік деректерді өңдеу
және анализ жасау бойынша практикалық дағдылар мен тәжірибе алды. B [e] феноменіне ие, ыстық
газ-шаңнан тұратын қабықшасы бар жұлдыздар тақырыбында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| әл-Фараби атынд.ҚазҰУ | Бакалавриат | 2018 |
Академикалық дәреже
1
Акниязова Айгерим Жанатовна
Машиналық оқыту арқылы қара тесік пен нейтронды жұлдыздың бірігуінен гравитациялық толқындардың жіктелуі
2024 - г.
10 - стр.
21
2
Акниязова Айгерим Жанатовна
ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЛАРЫНЫҢ ФРАКТАЛДЫҚ ӨЛШЕМІ
2024 - г.
9 - стр.
21
3
Акниязова Айгерим Жанатовна
MEGA: сымсыз торлы желілерде маршрутизатор түйіндерін орналастыруға арналған максималды энтропиясы бар генетикалық алгоритм
2024 - г.
15 - стр.
6735
4
Акниязова Айгерим Жанатовна
Конволюциялық нейрондық желі арқылы айнымалы жұлдыздардың Жарық қисықтарын жіктеу
2024 - г.
13 - стр.
75