Сқабылов Алишер Әлиұлы 1992 жылдың 21 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде оқытушы болып қызмет атқарады. Ғылыми қызығушылықтары радиотехника, телекоммуникациялар, сигналдарды цифрлық өңдеу және техникалық жүйелерде жасанды интеллект әдістерін қолдану салаларын қамтиды. Бакалавр, магистратура және докторантура деңгейіндегі студенттерге ғылыми жетекшілік етеді. Берлин техникалық университетінде (Германия) және Люблин техникалық университетінде (Польша) ғылыми тағылымдамадан өткен. Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін Applied Sciences, Engineered Science, Cogent Engineering және басқа журналдарда жарияланған ғылыми мақаланың авторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
10.06.2024
Қызығушылығы