1969 жылы туылған Наурзбаева А.Ж. 1992 жылы «Атом ядросы мен элементар бөлшектер физикасы» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін бітірді. 1992-1997 жылдары ғарыш физикасы мен радиациялық физика кафедрасының аспиранты мен маманы қызметін атқарды. 1998 ж. 01.03.03 – “Гелиофизика және күн жүйесінің физикасы” мамандығы бойынша «Ғарыштық сәулеленудің гелиомагниттік цикліндегі өзгерісі» тақырыбында физика-математика ғылымдарының кандидатық ғылыми дәрежесін алу диссертациясын қорғады. Қазіргі уақытта электроника және астрофизика кафедрасының профессор ма лауазымында қызмет етеді. Наурзбаева А.Ж. Физика және астрономия мамандығы бойынша оқитын студенттерге, манистранттарға және докторанттарға арналған Жұлдыздар физикасы, Күн физикасы, Астрометрия, Ғарыштық сәулелену физикасы, Космология, Астрофизикалық сигналдарды талдау, т.б. арнайы курстар бойынша дәріс оқып, оларға оқу-әдістемелік кешеңін жасады, дәрістердің электронды түрін дайындады. А.Ж. Наурзбаеваның ғылыми мүддесі бейсызық физика, оның әдістерін астрофизикада қолдану саласында жатыр. Оның Қазақстанда және шетелде жарық көрген 70 астам ғылыми жұмысы бар, олар ішінде импакт-факторы жоғары (Q1, Q2) журналдарда.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1992 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
03.04.1998 |
8
құжаттар
2