Басты бет / Физика-техникалық / Электроника және астрофизика кафедрасы / Жарекешев Иса Хасенович
Жарекешев Иса Хасенович
Жарекешев Иса Хасенұлы, 1961 жылы туған, ұлты – қазақ, 1984 жылы Мәскеу физика-техникалық институтын (МФТИ)
тәмамдаған. Жас маман ретінде Қазақ мемлекеттік университетіне жұмысқа жіберілді. 1986 жылы А.Ф. Иоффе атындағы
Ленинград физика-техникалық институтында тағылымдамадан өтті. Сонда аспирантураны сәтті аяқтап, 1990 жылы
кандидаттық диссертациясын қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.1990 жылы
Жарекешев И.Х. оқытушылық қызметке кірісіп, ассистент болып жұмыс істеді, кейін жалпы физика кафедрасының аға
оқытушысы, ал 1995 жылдан бастап қатты дене физикасы кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. Ол белсенді
педагогикалық қызметін студенттер мен аспиранттармен бірге оқу-әдістемелік жұмысымен ұштастырып жүргізді. Ғылыми
қызметін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатты дене физикасы кафедрасында, кейіннен осы
университеттің Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының
(НИИЭТФ) қатты дене физикасы бөлімінде жалғастырды. 2019 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қатты дене физикасы
және бейсызық физика» кафедрасының доценті лауазымына конкурстан өтіп, осы күнге дейін осында жұмыс істейді. Жалпы
еңбек өтілі 40 жылды құрайды. оның 18 жылы педагогикалық еңбек өтілі. Жұмыс барысында өзін тәртіпті және
шығармашылықпен жұмыс істейтін қызметкер ретінде көрсетті.
Жарекешев И.Х. – тәжірибелі, жоғары білікті маман, республикада және шетелде танымал ғалым. Оның ғылыми
зерттеулерінің аясы заманауи физиканың көптеген салаларын қамтиды. Негізгі бағыттары: конденсирленген күй физикасы,
жартылай өткізгіштер физикасы, электроника, теориялық физика және т.б. Ол 100-ден астам ғылыми еңбектер жариялады,
олардың басым бөлігі әлемнің жетекші басылымдарында, мысалы, Physical Review Letters (импакт-факторы 6), Physical
Review B, EuroPhysical Journal және т.б. Ол 30-дан астам халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысты: АҚШ,
Германия, Жапония, Франция және басқа да елдерде. Көптеген конференцияларда шақырылған баяндамалар жасады.
2010 жылы Жарекешев И.Х. докторлық диссертациясын сәтті қорғап, физика-математика ғылымдарының докторы
дәрежесін алды. Оған қауымдастырылған профессор атағы берілді. Хирш индексі 12.
Ол жүргізген зерттеулердің тақырыптары өзекті болып табылады және үлкен іргелі және қолданбалы маңызға ие. Бұл
зерттеулер нано- және микроэлектроника саласындағы ең жаңа технологияларды әзірлеуде, қазіргі заманғы
компьютерлерге арналған элементтік базаны жасауда, жаңа жартылай өткізгіш және кванттық эл
Бірінші жоғарғы білімі
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағыңыз
| Ғылыми атағыңыздың атауы | Тағайындалған күні |
|---|---|
| доцент | 25.10.2011 |
1
Жарекешев Иса Хасенович
Nonperturbative scaling theory of free magnetic moment phases in disordered metals
2007 - г.
4 - стр.
99
2
Жарекешев Иса Хасенович
Influence of Nanocrystalline Silicon Conductivity on the Structural and Optical Properties of Porous Silicon
2024 - г.
6 - стр.
0