Курманов Ергали Бержигитови 2008–2012 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде оқып, «техника және технология бакалавры» біліктілігімен тәмамдады. 2012–2014 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратурасында білім алып, «жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды. Магистратурада оқыған кезеңде Париж обсерваториясында (Париж, Франция) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. «Зарядталған гравитациялық линзалар» тақырыбында профессор Л. М. Чечиннің жетекшілігімен диссертация қорғады. 2022 жылы «6D061100 – Физика және астрономия» мамандығы бойынша «Қысымы нөлден өзгеше қараңғы материяның оптикалық және кинематикалық қасиеттері» тақырыбында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2013 жылдың сәуірінен 2020 жылдың желтоқсанына дейін Математика және математикалық модельдеу институтында математикалық физика және модельдеу бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, алты ғылыми гранттық жобаларға қатысты. 2018 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың желтоқсанына дейін У. А. Джолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында ғылыми қызметкер қызметін атқарды. 2019 жылдан бері қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді. Қазіргі уақытта келесі шетелдік жетекші ғалымдармен бірлесіп жұмыс істейді: Орландо Луонго (Pisa, Italy), Даниеле Малафарина (Nazarbayev University), Эрнандо Кеведо (Mexico City, Mexico), Марко Муччино (Frascati, Italy). Ғылыми қызығушылықтары: жалпы салыстырмалылық теориясы, Эйнштейн теңдеулерінің жуық және дәл шешімдері, релятивистік астрофизика, математикалық физика, қатты дене механикасы және ықшам объектілер физикасы. Италия, Франция және басқа да елдерде өткен халықаралық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасады. 50-ден астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 10 мақала — ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған журналдарда, 14 мақала — Scopus және Thomson Reuters базаларындағы жоғары импакт-факторлы шетелдік журналдарда жарияланған. Хирш индексі — 8. Курманов Е. Б. төмендегі марапаттар мен шәкіртақалардың иегері: 2024 жылғы 31 мамырда ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін жас ғалым ретінде тұрғын үй сертификатымен марапатталды. 2024 жыл — «ЖОО-ның үздік оқытушысы». 2022 жыл — талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия. 2022 жыл — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік жас ғалым» байқауының жеңімпазы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
30.06.2022

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
21.11.2025
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

20

Цитирования
180 по 94

құжаттар

h-индексі

8