Аликбаева Айнур Башановқызы – 1985 жылы қазіргі Абай облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Экономика және бизнес» Жоғары мектебінің, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушыcы. 40-қа жуық еңбектері жарияланған, соның ішінде 2 оқу құралы және Халықаралық Scopus деректер базасында индекстелген халықаралық ғылыми конференция материалдарында 1 мақала (Proceedings), 5 авторлық куәлікке ие. Біліктілігін арттыру бойынша сертификаттары бар. «Маркетинг» ББ бойынша (бакалавр бөлімі) оқу жоспарын әзірлеуші, кафедра мәжілісінің хатшысы міндетін атқарады. «Логистика (салалар бойынша)» мамандығының, «Маркетинг» мамандығының 3 курс қазақ және орыс топтарының эдвайзері. Халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының қатысушыларына жетекшілік етіп, жеңімпаз командалар мен жеке дара студенттерді даярлаған. 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ, «Бизнес-технологиялар» кафедрасында аға оқытушы міндетін атқарып келеді. Білім және ғылым саласындағы еңбек өтілі – 19 жыл, соның ішінде әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-да 16 жыл. Университетте, факультетте және кафедрада ұйымдастырылатын іс-шараларға белсене қатысады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2006 |
0
құжаттар
0