Ахметова Зауре Болатханқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Экономика және әлеуметтану» факультеті, «Бизнесті басқару және ұйымдастыру» бөлімінің 1996 жылғы түлегі. 1998 жылы «Экономикалық теория» мамандығы бойынша магистартураны өте жақсы деген бағамен бітірген. Магистратураны аяқтағаннан кейін аспирантураның күндізгі бөліміне түсті. 2010 жылы «Совершенствование ценообразования на потребительском рынке: институционально- экономические аспекты» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 2001 жылдан бастап «Экономикалық теория» кафедрасында оқытушы қызметін, 2003 жылы аға оқытушы қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап «Менеджмент және маркетинг» кафедрасында доцент қызметін атқарады. Келесі пәндер бойынша дәріс және семинар сабақтарын жүргізеді: маркетинг, жобаларды басқару, маркетингті басқару, халықаралық маркетинг. Курсттық және бітіру жұмыстарына жетекшілік етеді. Халықаралық және республикалық конференцияларға қатысып, 50 ғылыми мақалалары, «Государственному регулированию экономики» оқулық жазды. Келесі пәндер бойынша ПОӘК жасады: «Маркетинг», «Пиар», «Маркетинг услуг» «Управление маркетингом», «Брендинг потребительских товаров», «Международный маркетинг». Біліктілігін жетілдіру бойынша 40 сертификаты және 2 шетелдік тағлымдамадан өткен. Университеттің, факультеттің және кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады, факультет басшылығы мен ректордың мақтау қағазын алған. ҚазҰУ профсоюз мүшесі болып табылады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
30.06.2011 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
01.01.2001 |
13
құжаттар
4