Мен, Арынова Гулбану Абжановна 1971 жылы 20 желтоқсан айында Қызылорда облысы, қазіргі Сырдария ауданы Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келдім. 1991 жылы Алматы қаласындағы Алматы Мемлекеттік медицина институтының, санитарлық-гигиеналық факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік медицина университетінің санитарлық-гигиеналық факультетін бітіріп, гигиенист-эпидемиолог мамандығын алдым. 1997 жылы университетті бітіргеннен кейін коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасына шақырылып, кафедраның асситенті қызметін атқаруға конкурстан өттім. 1997 жылы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында санитарлық дәрігер мамандығы бойынша білімін жетілдіру курсынан, ал 2002, 2008, 2013 жылы ҚазҰМУ-де мамандығын жетілдіру курсынан өттім. 2005 жылы 10-маусымда Қазақ Тағамтану Академиясындағы БД 53.28.01 диссертациялық кеңесте жоспарланған «Селен жетіспеушілік байқалатын аймақтардың гигиеналық сипаттамасы және ондағы балалар аурушаңдығының алдын алу мүмкіндігі (Алматы облысы мысалында)» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын медициналық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғап, 2005 жылы 25 қарашада №14 хаттамамен бекітіліп, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. Осы уақытта 40-тан аса ғылыми еңбектер, яғни мақала, тезис, баяндама, әдістемелік нұсқаулар және оқулықтар бар. 2003-2006 жыл аралығында аға оқытушы қызметін атқардым. 2006 жылдан 2011 жылға дейін кафедрада оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқардым және сол жылдан 2017 жылға дейін доцент қызметін атқардым. 2017 жылдан бастап ҚазҰУ-не ауысып, кафедрада доцент м.а. қызметін атқарудамын. Жалпы медициналық және педагогикалық стаж – 22 жыл. Жүргізілген жұмыстың мәліметтері бойынша 40 ғылыми еңбектері, яғни мақала, тезис, баяндама және әдістемелік нұсқаулары бар. Жоғарғы медициналық оқу орындарына және медициналық колледждерге арналған мемлекеттік тілде жазылған екі оқулықтың: «Коммуналдық гигиена», 2004 жыл (жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған) және «Коммуналдық гигиена» 2005 жылы және 2008 жылы орыс тілінде шығарылған «Руководсто к практическим занятиям по коммунальной гигиене», 2013 шыққан "Коммуналдық гигиенадан практикалық сабақтарға арналған оқулық" оқулықтарын құрастыруда атқарушылардың бірі. 2018 жылы коммуналдық гигиена бойынша орыс және қазақ тілінде оқу-әдістемелік құрал шығарды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
АлММИ |
Жоғары |
1997 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
01.09.2017 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Жалпы гигиена |
Силлабус ОГ магистратура рус. |
Силлабус по предмету Общая гигиена магистратура |
Жалпы гигиена |
Карта обеспеченности по ОГ |
Карта обеспеченности по предмету общая гигиена |
Коммуналдық гигиена бойынша практикалық сабаққа арналған оқулық.
ИП Издательсто Ақнұр 2013 - г. ISBN 978-601246-021-6 27 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Коммуналдық гигиенадан практикалық сабаққа арналған оқулық
Акнур 2013 - г. ISBN 978-601-7508-01-2 26 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Коммуналдық гигиена
" Қазақ университеті " 2018 - г. ISBN 978-601-04-3587-2 8 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Коммуналдық гигиена
" Қазақ университеті " 2018 - г. ISBN 978-601-04-3644-2 8 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Адам экологиясы негізіндегі гигиена: оқулық / В. И. Архангельский [ж.б.] ; редакциясын басқарған П. И. Мельниченко ; қазақ тіліндегі басылымның жауапты редакторы Г. А. Арынова ; қазақ тіліне аударғандар Э. І. Кұсайнова [ж.б.]. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2020. - 704 б.
ГЭОТАР-Медиа, 2020 - г. ISBN 978-5-9704-3207 704 - стр. РЕСЕЙ
0
құжаттар
0