Даниярова Анара Бақыткерейқызы 1. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі директорының оқу- әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары 2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: медицина ғылымдарынының кандидаты 3. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградасымен марапатталғаны және марапатталған уақыты: 2017 жыл Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Алғыс; 20 4. аладағы бойынша еңбек өтілі: 32 жыл 5. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 4 жыл Даниярова А.Б. 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік медицина университетін үздік бітірген. 1996-2016 жылдар аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде эпидемиология кафедрасында стажер-оқытушы қатарынан доцент міндетін атқарушы қызметіне дейін қызмет атқарды. Сонымен қатар, 2006-2008 жылдар аралығында медико-профилактикалық іс факультеті деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, 2008-2011 жылдар аралығында Әдістемелік бөлім басшысы, 2011-2013 жылдар аралығында Ғылыми-инновациялық менеджмент бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2016 жылдың 4 қаңтарынан бері қызмет етуде. 2016-2018 жылдар аралығында эпидемиология және гигиена кафедрасы меңгерушісінің оқу- әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, доцент міндетін атқарушы, 2018 жылдың 1 қыркүйегінен Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі директорының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары. Даниярова А.Б. кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары қызметін атқарған уақыт аралықтарында кафедраның оқу, ғылыми-методикалық сұрақтарын шешуге ат салысқан. Ол үнемі оқу үрдісін жақсарту, инновациялық жаңалықтар енгізу жолында, студенттермен сабақтан тыс тәрбие жұмысын белсенді өткізеді, оқу-әдістемелік шығармашылық бастамаларға үлкен мән береді. Кафедраның ғылыми кадрларды даярлауға үлкен үлес қосады. Даниярова А.Б. 40-дан астам басылымдардың (мақалалар, әдістемелік жобалар, оқу құралдары, тәжірибелік ңұсқаулық) авторларының бірі. Даниярова А.Б. Жұқпалы ауруларға қарсы Евро-Азиялық қоғамдастығының мүшесі, ДДҰ-ң қызылшаны элиминациялау комитетінің мүшесі.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
АлММИ |
Жоғары |
1996 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
31.03.2011 |
0
құжаттар
0