Мен, Аралбаева Арайлым Нұғманқызы 1983 жылы 30 мамыр күнi Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келдiм.1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Лениногор қаласының №14 орта мектебiнiң 1 сыныбына қабылданып, 1993 жылы оқуымды Алматы облысы, Iле ауданы Энергетический елдiмекенiнiң М.Мақатаев атындағы № 13 қазақ орта мектебiнде жалғастырып, сол мектептi 2000 жылы үздiк аттестатпен бiтiрдiм. Орта мектепті бітірген жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсисетінің биология факультетінің күндізгі оқу бөліміне қабылдандым. 2005 жылы биология факультетін медико- биологиялық iс мамандығы бойынша үздiк дипломмен бітіріп, 2005 қазан айынан бастап “Адам және жануарлар физиологясы” ғылыми зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқара бастадым. 2010 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Жергiлiктi өсiмдiктерден алынған препараттардың антиоксиданттық қасиеттерiн зерттеу және организмнiң төзiмдiлiгiн арттыру мақсатында пайдалану» тақырыбында диссертациялық жұмысымды қорғадым. 2013 жылдан бастап Алматы Технологиялық Университетінің «Тағамдық биотехнология» кафедрасында аға оқытушы, 2015 жылдан бері доцент міндетін атқарушы лауазымында қызмет етемін. 2018 жылдың наурыз айында ассоциативті профессор (доцент) ғылыми атағына ие болдым. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Тағамдық биотехнология» кафедрасының меңгерушісі ретінде тағайындалдым. 2020-2021 жылдар аралығында Қазақ аграрлық зерттеу университетінің Тағам технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасында сабақ бердім. 2021 ж. бері әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің МЖМ, « Іргелі медицина» кафедрасында дәріс беремін. Осы күнге дейін «Жергiлiктi өсiмдiктерден алынған препараттардың антиоксиданттық қасиеттерiн зерттеу және организмнiң төзiмдiлiгiн арттыру мақсатында пайдалану» тақырыбында ғылыми монография, «Биологиялық мембраналар» оқу нұсқаулығы, «Теоретические основы обработки пищевого сырья» атты оқу нұсқаулықтары жарық көрді. Сондай-ақ «Гепатопротекторное средство, обладающее антиоксидантной активностью и способ его получения», «Антиоксидантное средство растительного происхождения для профилактики и лечения сахарного диабета», «Средство на основе Павловнии обладающее антиоксидантной активностью и способ его получения» атты патенттерінің авторларының қатарына кіремін. 2006 жылдан бастап осы уақытқа дейін 100 ге тарта ғылыми еңбегім (ғылыми мақала, тезис, баяндама, оқу құралдары) жарық көрді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2005

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
26.02.2011

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
07.03.2018
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

8

Цитирования
91 по 85

құжаттар

h-индексі

6