Төленова Қаракөз Дидарқызы — педагогика ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультеті, Жоғары медицина мектебінің фундаменталды медицина кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы стипендиясының иегері. 2014 жылы 5В060700 – Биология мамандығы бойынша бакалавриатты, 2016 жылы 6М011300 – Биология мамандығы бойынша магистратураны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биофизика және биомедицина кафедрасында аяқтады. 2019 жылы 8D05101 – Биология мамандығы бойынша докторантураға түсіп, 2022 жылы тәмамдады. Еңбек өтілі 2015 ж. — ҚРМУ медициналық биохимия кафедрасында биохимия пәнінің оқытушысы, Алматы қ.; 2016–2017 жж. — С.Д. Асфендияров атындағы ҚазНМУ стратегия және корпоративті даму бөлімінің маманы, Алматы қ.; 2017–2018 жж. — С.Д. Асфендияров атындағы ҚазНМУ молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының биология пәнінің оқытушысы; 2022 жылдан бері — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ фундаменталды медицина кафедрасының аға оқытушысы; Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Халықаралық тағылымдамалар және біліктілікті арттыру 2014 ж. — Босфор университеті, Стамбул, Түркия; 2021 ж. — Нийде Өмер Халисдемир университетінде біліктілікті арттыру, Түркия; 2022 ж. — Нийде Өмер Халисдемир университетінде ғылыми тағылымдама; 2024 ж. 15 қыркүйек – 2025 ж. 15 қыркүйек — Флиндерс университетінде (Аделаида, Оңтүстік Австралия) бір жылдық тағылымдама («500 ғалым» — Bolashaq International Scholarship бағдарламасы). Ғылыми жетістіктер 18-ден астам ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы; Scopus базасында индекстелетін 2 ғылыми мақаласы бар; Хирш индексі — 2.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қызығушылығы