Игиликова Сымбат Игиликқызы, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD докторант. 2007-2011 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің «Филология: қазақ тілі» мамандығында бакалавр академиялық дәрежесін үздік дипломмен аяқтады. Диплом тақырыбы: «Қазақ фольклорындағы жалмауыз кемпір образы». 2014-2016 жылы «Әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратурада білім алды. 2016 жылы ф.ғ.д., М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Қ.У. Қалижанұлы жетекшілігімен «Сүйінбай ақын шығармашылығының халықтық сипаты» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады. С.И. Игиликованың халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда, бұқаралық ақпарат құралдарында 40-дан астам мақаласы жарық көрген, сонымен қатар «Қазақ тарихының көшбасшысы», «Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлы», «Абай шығармашылығы әлемдік әдебиет пен мәдениет аясында» халықаралық ғылыми-теориялық онлайн- конференция материалдары атты «Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен жарық көрген ғылыми еңбектердің құрастырушысы. С.Игілікқызы соңғы 5 жылда (Алматы, Астана,Тараз, Түркістан, Бишкек, Стамбұл) әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар мен форумдарға қатысқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы филологиялық басылымдарда - 6, Scopus мәліметтер базасына кіретін шетелдік басылымдарда -1, ұжымдық монография – 1, ғылыми-библиографиялық – 3-тен астам еңбектері жарыққа шықты. 2015 жылы Печ қаласының Печ университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филологогия факультетінің «Лингвистика» мамандығы бойынша PhD докторант. Диссертация тақырыбы: «Қазақ тілі тарихи лексикасы: құрамы мен құрылымы» 2019 жылы Түркия елінің Мұғла қаласындағы Мұғла Университетінің әдебиет кафедрасынан тағлымдамадан өтті.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2011