Арғынбек Құнанбайұлы — тіл маманы. 1997 жылдың 20 қарашасында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 2004 жылы Талдықорған қаласы, Көксу ауданындағы М. Сеңгірбаев атындағы мектепке 1-сыныпқа қабылданып, 2015 жылы Алматы облысы, Іле ауданындағы 20-мектепті “Алтын белгіге” тәмамдаған. 2015-2019 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде бакалавр, 2019-2021 жылдары магистратура бөлімін үздік дипломмен аяқтайды. Профессор Б. Сағындықұлының жетекшілігімен “Силлабология ғылымының теориясы мен практикасы” тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, 2021 жылдан Farabi университетінің тіл-әдебиет мамандарын даярлайтын А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасында тіл тарихының архетиптік реконструкциясы мен орта ғасыр ескерткіштері тілінен, қазақ грамматикасының функционалды-коммуникативтік сипаты, саяси дискурс, фонология заңдылықтарына қатысты арнаулы курстар жүргізіп келеді. Арғынбек Құнанбайұлы еліміздің бірнеше ЖОО-дағы кітапқұмар талапкерлерге талқы, жазуға қызыққан ойлы оқырманға тіл мен сана, жазу әдебі, қазақы сөзсаптам жүйесіне қатысты түрлі танымдық семинарлар өткізеді. Электронды пошта: a.khunanbay@kbtu.kz


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2019
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0