Әміров Әбдібек Жетпісұлы 1971 жылы туылған. Ұлты – қазақ. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «Филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде жұмыс жасайды. 2002 жылы «Қазақ баспасөзінің 1990-2000 жылдар аралығында терминологияны қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 2000-2002 жылдары «Қазақ тілі» көмекші құралын, 2002 жылы «Терминологиялық жинақ», 2016 жылы «Қазақ терминологиясы және баспасөз», 2024 жылы «Қазақ терминологиясы» атты монографияларын және т.б. еңбектерін жарыққа шығарды. Қазіргі уақытқа дейін 60-тан аса ғылыми, әдістемелік мақалалары жарық көрген. Ә.Ж. Әміров бакалавриат бөлімінде «Қазақ терминологиясы», «Қазақ тілінің терминографиясы», «Қазақ лексикографиясы және терминографиясын оқыту әдістемесі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ баспасөзінің термин қалыптастырудағы рөлі» пәндерінен лекция және семинар сабақтарын жүргізеді. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі 30 жыл. Ә.Ж. Әміров қоғамдық және тәрбие жұмыстарына белсене араласады, әрі өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. 17.11.2024 – 27.11.2024 ж арлығында Омбы қаласына (Ресей) барып Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын ашу мақсатында университеттен бөлінген қабатты (6-қабат), «Абай атындағы Қазақ тілі кабинетін» жасақтауға үлес қосты. 2012-2013 оқу жылында оқу, әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі қазақ филологиясы кафедрасының орынбасары қызметін, 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдары ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2023-2024 оқу жылынан Филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1994 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
11.12.2002 |
3
құжаттар
0