Басты бет / Филология / А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы / Мұхамади Құралай Төлегенқызы

Мұхамади Құралай Төлегенқызы

Лауазымы: доцент
А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы
Scopus author ID: 57200048527
       Мұхамади Құралай Төлегенқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты. Мұхамади Қ.Т. 1972 жылы 15 қыркүйекте туған. Орта мектепті 1989 жылы бітірген соң, бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институтына (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) оқуға түсіп, 1989-1994 жылдары ҚазҰПУ-дің филология факультетін, 1994-1997 жылдары осы университеттің аспирантурасын,2006- 2009 жылдары докторантурасын бітірген. 1997 жылы “Қазіргі қазақ тіліндегі қимылдың тездік тәсілінің мағыналық құрамы мен берілу жолдары” тақырыбында профессор Н.Оралбайдың ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2004 жылы доцент атағын алды. 1998 жылдан ҚазҰПУ да оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2009 жылдан Сулейман Демирель атындағы университетте доцент, профессор, 2019 жылдан ҚазҰУ-де профессор м.а. Ғалымның негізгі зерттеулері қазақ тілінің грамматикасына, сөзжасам жүйесіне, қазақ тілінің тарихи дамуы мен онтологиясын зерделеуге; тілді оқыту әдістемесін, терминология, сөз мәдениеті мәселелерін зерттеуге арналады. Осы бағытта жазылған “Қазіргі қазақ тілі”, “Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар”, “Қазақ тілінің сөзжасамы”, “Нормативті қазақ тілі”, “Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің тездік тәсілі, «Практикант күнделігі», "Қазіргі қазақ тілі морфологиясы", "Қазақ тіліндегі етістіктің тездік тәсілінің мағынасы" монографиялары мен оқу құралдарының қазақ тіл білімінің ғылыми¬- теориялық дамуына қосар үлесі зор. Ғалым Ұлыбританияда, Германияда, Болгарияда, Албанияда, Ресейде, Түркияда, Украинада, Татарстанда т.б. елдерде өткен халықаралық ғылыми¬ конференцияларға қатысты, баяндамалары ғылыми-теориялық деңгейінің жоғарылығымен, ғылыми жаңалығымен, өзекті тақырыптарға арналғанымен ерекшеленді.

1

Мұхамади Құралай Төлегенқызы Нормативті қазақ тілі Нормативті қазақ тілі 2022 - г. ISBN 978-601-79-601-02-3 310 - стр. ҚАЗАҚСТАН

1

Мұхамади Құралай Төлегенқызы Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданудың маңызы 2019 - г. 5 - стр. 1

2

Мұхамади Құралай Төлегенқызы Оқушыларға эссе жазуды үйретуде қолданылатын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі 2020 - г. 8 - стр. 71

3

Мұхамади Құралай Төлегенқызы 5. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қимылдың тездік тәсілінің лексикалық бірліктермен берілуі 2020 - г. 8 - стр. 4

1

Мұхамади Құралай Төлегенқызы Social and Cultural Factors Influencing Foreign Language Learning in the Context of Higher Education 2021 - г. 9 - стр. Баку

2

Мұхамади Құралай Төлегенқызы Türk dünyası çalıştayının düzenleme kurulu üyeleri: Sempozyum Asya için stratejik değerde 2011 - г. 1 - стр. КазНПУ имени Абая
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0