Машинбаева Гүлназ Әбенқызы 1975 жылы 6 тамызда туған . Ұлты – қазақ. 1994-1998 жылы ҚазМҰУ-дің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін үздік дипломмен аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесі, 1998-2000 жылы ҚазМҰУ- дің магистратурасын тіл білімі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шыққан. 2000-2005 жылы Алматы қаласындағы 87- орта мектепте орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2003-2006 жылдары ҚазҰУ-дің филология факультеті, қазақ филологиясы кафедрасының аспирантурасында оқып, 2007 жылы 24 қазанда «Теледидар тілінің лингво-прагматикалық аспектілері» тақырыбында профессор Б. Момынованың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты атанған. Машинбаева Г.Ә. БАҚ тілі, қазақ әдеби тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі салаларында жазылған 50-ден аса ғылыми мақаланың, 3 оқу құралының авторы. Кафедрада әдістемелік бірлестіктің мүшесі. Кафедраның қоғамдық өміріне белсене араласады. 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. Марапаттары: 2012 жылы – Алматы қаласы әкімшілігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының грамотасымен марапатталды. Оның 50-ден аса ғылыми-әдістемелік мақалаларының негізгілері төмендегідей: 1. Машинбаева Г.А. БАҚ тілімен танысайық! / Р.С. Нұртілеуова //Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 57 б. 2. 1. Машинбаева Г.А. Теледидар тілінің лингвопрагматикалық аспектілері // Коллективная монография: Наука и кафедра казахского и русского языков подготовительного факультета для иностранных граждан / Сост. проф. Ж.А. Нуршаихова. – Алматы, 2008. – С. 278-300. 3. 2. Машинбаева Г.А. Ақпараттық бағдарламалардың тілдік ерешеліктері // Коллективная монография: Теоретические основы преподавания РКИ КазКИ [Под общ. ред. Ж.А. Нуршаиховой]. – Алматы,2009. – С. 134-143. 4. 3. Машинбаева Г.А. Теледидар тілінің ерекшеліктері // Қазіргі қазақ тілінің функционалды стильдік құрамының эволюциясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 204-209 бб. 5. 4. Машинбаева Г.А. Ұқсас категорияларды қазақ тілінде оқыту технологиясы // Авторские технологии в преподавании языков. [Под общ. ред. Ж.А. Нуршаиховой]. – Алматы: Бастау, 2010. – С. 82-84.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2000

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.06.2008

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0