Ешимов Мұхтар Парахатұлы 1975 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түсіп, 1998 жылы бітіріп шыққан. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті жалпы тіл білімі кафедрасына магистратураға қабылданып, оны 2000 жылы тәмамдаған. 2000 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін Алматы қалалық №10-мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2000-2002 жылдары Алматы «Қайнар» университетінің Ақтау филиалы Тілдер кафедрасында қазақ тілі пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарған. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті жалпы тіл білімі кафедрасына аспирантураға қабылданған. Аспирантурада оқи жүріп, филология факультеті жалпы тіл білімі кафедрасына қарасты «Қазақ тілі: психо-социолингвистикалық экспериментальды оқу лабораториясында» жоғары категориялы оператор болып істеген. 2004 жылы 24 мамыр күні филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу мақсатында «Ым семантикасы: универсалды және ұлттық табиғаты» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. М.П. Ешимовтың психолингвистика, паралингвистика, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту секілді бағыттарда жазған мақалалары Қазақстан, Польша, Болгария сынды мемлекеттерде өткен халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік конференция материалдарында жарық көрген. Факультет пен кафедрада ұйымдастырылып өткізілетін мәдени және қоғамдық іс-шараларға белесене араласып тұрады. Кафедраның әдістемелік кеңесінің мүшесі. 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында доцент м.а. қызметін атқарып келеді. 2006 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы біліктілікті жетілдіру институтында біліктілігін аттыру курсынан өткен. М.П. Ешимов 2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Тіл комитетінің, 2011 жылы ҚР Мәдениет министрлігі. Тіл комитетінің, 2012 жылы Алматы қаласы әкімдігі «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталған.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
2000 |
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
08.10.2004 |
Ешимов М.П. Қазақ әдебиеті мен мәдениеті.
Алматы: Қазақ университеті 2012 - г. 6 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қазақ әдебиетімен танысайық!
" Қазақ университеті " 2015 - г. ISBN 978-601-04-0690-2 8 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Дуйсенбаева Р.И., Машинбаева Г.А., Мусаева Г.А.
Тест жинағы (Қазақ тілі шет тілі ретінде) А1-А2 деңгей. Оқу құралы, -Алматы, "Қазақ университеті", -2017 ж. 226 б.
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2220-9 14 - стр. ҚАЗАҚСТАН
0
құжаттар
0