Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы Дуйсенбаева Райхан Исатайқызының ӨМІРБАЯНЫ 1963 жылы 13 қарашада туған, ұлты – қазақ. Р.И. Дүйсенбаева 1982 жылы филолог, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша Абай атындағы КазПИ-дің филология факультетіне түсіп, 1986 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолдары: 1990 – 17.10.1994 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет- құрылыс академиясында қазақ тілі кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 1996 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті қазақ және орыс тілдері кафедрасының ассистенті; 2001ж. бастап аталған кафедраның оқытушысы; 2003 жылдан бастап кафедраның аға оқытушысы болып істейді. Р.И. Дүйсенбаева 50-ден аса жарияланымның авторы. Оның ішінде оқу құралдар, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар бар. Түрлі ғылыми-әдістемелік конференцияларға, семинарларға белсенді қатысып тұрады. Негізгі ғылыми еңбегі: 1. Доцент Г.Ә. Мұсаевамен бірге оқу құралы «Кел, қазақша сөйлесейік » «Қазақ университеті». 2002 ж. 2. «Іскерлік қазақ тілі» Алматы «Қазақ университеті», 2011 жыл.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазПИ
Жоғары
1986
Қызығушылығы