Азнабакиева Мария Адилбековна 1984 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Азнабакиева М.А. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін 2005 жылы үздік дипломмен бітірген. 2005-2007 жылдар аралығында аталған факультеттің магистратура бөлімінде оқыған. 2008 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарып келеді. «Елтану», «Қазақстан тарихы мен мәдениеті», «Страноведение» пәндерінен бастауыш және жалғастырушы деңгейлерде сабақ береді. Ғылым саласындағы қызығушылықтары – шетел аудитоиясында қазақ және орыс тілдерін, жалпы білім беру пәндерін оқыту Жалпы жұмыс өтілі – 14 жыл, педагогикалық жұмыс өтілі – 12 жыл. Республика және шетел басылымдарында жарық көрген 30-дан аса ғылыми, оқу-әдістемелік мақала мен 7 оқу құралының авторы. Тіл үйренудің бірінші және екінші жылына арналған «Қазақстан тарихы мен мәдениеті», бастауыш деңгей үшін «Елтану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларын құрастырған. 2017 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Көптілділік білім берудің ресурстық орталығы директорының көмекшісі қызметін атқарып келеді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2007

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2005

Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0