Омашев Намазалы Омашұлы — 1950 жылдың 19 қаңтарында Жамбыл облысының Мерке ауданы Ойтал ауылында дүниеге келген. Ол филология ғылымдарының докторы, профессор, 2003 жылдан Қазақстан Жоғары Мектебі Ғылым Академиясының толық мүшесі (академик), 2002 жылдан Қазақстан Журналистика Академиясының толық мүшесі (академик), Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері ( 2004), Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты (2007). Қызметінің негізгі кезеңдері • Қазақ радиосының редакторы, аға редакторы (1974-1977); • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы (1977-1979), • аға оқытушысы (1979-1986), • доценті (1986-1992), • радиожурналистика кафедрасының меңгерушісі, профессор (1993-1995); • ЮНЕСКО жанындағы ОРБИКОМ ұйымының мүшесі (1995); • журналистика факультетінің деканы (1995-2001); • ЮНЕСКО-ның бұқарамен байланыс және журналистика кафедрасының меңгерушісі (1996-2009); • журналистика мамандығы бойынша Диссертациялық кеңестің төрағасы (1996-2001); • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры (2001-2008); • 2009 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы (2010-2011); • Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі (2011-2015); • 2015 жылдан бері журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1974

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
29.06.1993

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
24.06.1994
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
"Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі 30.08.2005
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін 01.01.2003
Сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы 01.01.2007
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0