Басты бет / Журналистика / ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация / Омашев Намазалы
Омашев Намазалы Омашұлы — 1950 жылдың 19 қаңтарында Жамбыл облысының Мерке ауданы Ойтал
ауылында дүниеге келген. Ол филология ғылымдарының докторы, профессор, 2003 жылдан Қазақстан
Жоғары Мектебі Ғылым Академиясының толық мүшесі (академик), 2002 жылдан Қазақстан
Журналистика Академиясының толық мүшесі (академик), Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан
Журналистер Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері ( 2004),
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының
лауреаты (2007). Қызметінің негізгі кезеңдері
• Қазақ радиосының редакторы, аға редакторы (1974-1977);
• әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы (1977-1979),
• аға оқытушысы (1979-1986),
• доценті (1986-1992),
• радиожурналистика кафедрасының меңгерушісі, профессор (1993-1995);
• ЮНЕСКО жанындағы ОРБИКОМ ұйымының мүшесі (1995);
• журналистика факультетінің деканы (1995-2001);
• ЮНЕСКО-ның бұқарамен байланыс және журналистика кафедрасының меңгерушісі (1996-2009);
• журналистика мамандығы бойынша Диссертациялық кеңестің төрағасы (1996-2001);
• әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры (2001-2008);
• 2009 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика
мәселелерін зерттеу институтының директоры, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы
(2010-2011);
• Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі (2011-2015);
• 2015 жылдан бері журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, Телерадио
және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры.
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| әл-Фараби атынд.ҚазҰУ | Жоғары | 1974 |
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағыңыз
| Ғылыми атағыңыздың атауы | Тағайындалған күні |
|---|---|
| профессор | 24.06.1994 |
Мемлекеттік сыйлықақылар
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі | 30.08.2005 |
| Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін | 01.01.2003 |
Сыйлықақылар
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
|---|---|
| Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы | 01.01.2007 |
| Файл атауы | Тақырыбы | Сипаттамасы |
|---|---|---|
Ұлттық-мемлекеттік басымдықтар контекстіндегі медиа стратегиялар |
|
|
Инфлюенсинг |
|
|
Инфлюенсинг |
|