Ошанова Орынтай Жаңабайқызы 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1997-1998 жылдары Республикалық Қазақ радиосында комментатор және «Алтын қор» бөлімінің қызметкері қызметтерін атқарған. 1998 жылдың 1-қазанынан бастап 2001 жылдың 1-желтоқсанына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің аспирантурасында оқыған.2001 жылдың 1-желтоқсанынан бастап факультетке оқытушылық қызметке қабылданған.2002 жылдың 29-қазанында профессор Н.О.Омашевтың ғылыми жетекшілік етуімен «Әдеби-драмалық хабарлардың қалыптасу және даму тарихы» /Қазақ радиосының микрофондық материалдары негізінде/ атты кандидаттық диссертация қорғаған. 2003-2006 оқу жылдары журналистика факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2006-2008 жылдары факультеттің оқу-әдістемелік бюросының төрайымы және 2008-2009 оқу жылының бірінші жартысында деканның оқу ісі жөніндегі орынбасарлығы қызметтерін атқарған. Бүгінгі күнде ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор. Доцент Ошанова Орынтай Жаңабайқызының төмендегідей кітаптары жарыққа шыққан: 1) «Журналистің сөйлеу мәдениеті» атты оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2008 жыл. 2) «Әдеби-драмалық хабарлардың қалыптасу және даму тарихы» атты оқу құралы. - Алматы, Қазақ университеті, 2003 жыл. 3) «Радиожурналистиканың бейнелеуші құралдары» атты 2-тарау «Радиожурналистика» оқулығында. - Алматы: Экономика, 2005 жыл. 4) «Қазақ журналистикасы» атты үш томдық, «Журналистің сөйлеу мәдениеті» атты тарау 2-том. -Алматы, 2008 жыл. 5) «Журналистің сөйлеу мәдениеті» атты электрондық оқулық. –Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 152 б. 6) «Сөйлеу мәдениетінің негіздері» атты оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті,2012.–164б. 7) "БАҚ заңнамасы және этика" атты оқу құралы. - Алматы, Қазақ университеті,2016. -184 б. Қазіргі таңда «Журналистің сөйлеу мәдениеті», «Тележурналистиканың теориясы мен әдістемесі», «Тележурналист қызметінің психологиялық аспектілері», «Телевизияның қазіргіпроблемалары»,«Компьютерлік видеомонтаж, «Бильд-редактор»,«Медиабизнес» атты пәндерден бакалавр студенттері мен магистранттарға дәріс беріп жүр. ҚР Президентінің "Болашақ" стипендиясының иегері. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1996

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
29.10.2002

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
22.10.2009

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0