Филол.ғыл.канд., Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, доцент,«Туранинфом.KZ» ақпараттық сайтының шеф-редакторы Бауыржан Иманғалиевтің қысқаша өмірбаяны Б.Иманғалиев Қызылорда облысында ұстаздар отбасында дүниеге келді.Орта мектепті жақсы бітіргеннен соң әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ-нің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алды.Университетті үздік бітіріп, сол оқу орнының аспирантурасын бітірген.Ғылыми жетекшісі-ҚР ҰҒА-ның академигі З.Қабдолов. Ол «Т.Жүргеновтің әдеби-публицистикалық мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, кейін ҚазҰУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасына оқытушы болды. Ұстаздық қызметте жүріп Филология, Журналистика факультеттерінің студенттеріне дәріс оқыды.2008-2012 жылдары Алматы әкімдігінде бөлім бастығы, Аграрлық университетте проректор,2012-2017 жылдары Астанадағы С.Сейфуллин ат.ҚазАТУ-даБаспасөз орталығының жетекшісі боп абыройлы еңбек етті.Көптеген журналистермен етене тығыз жұмыс істеп, масс-медиа саласында біраз еңбектер жазды.Оқу орнының имиджін көтеруде,мемлекеттік саясатты түсіндіруде ақпараттық- насихаттық жұмыс тобының құрамында болды.2017 жылы ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаментінде абыройлы қызмет етті.2018 жылдан 2023 ж аралығында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де доцент қызметін атқарды. Бүгінде ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Журналистика факультетінде доцент болып қызмет етіп, студенттерге дәріс оқиды.Б.Иманғалиев - педагог-журналист, жүргеновтанушы, қоғам белсендісі, филология ғылымдарының кандидаты. Т.Жүргеновтің әдеби мұрасын алғаш ғылыми айналымға түсіріп, мұрағат көзінен зерттеп 1 монография, 3 жинақ жазған, 100-ден аса ғылыми мақалалар мен басылымдардың авторы, мәдениеттанушы. БАҚ беттерінде түрлі тақырыптардағы мақалалары жарияланып тұрады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап «Жүргеновтану» оқу бағдарламасын элективті пән ретінде енгізген автор.Еңбектері:«Т.Жүргенов» Таңдамалы. Избраное.2003 ж.Алматы, «Арыс» басп. «Т.Жүргенов» монография. 2012 ж.Алматы, «Атамұра» басп. «Т.Жүргенов» шығармалар жинағы, 2013 ж. Алматы «Қос шынарым». 2015. Алматы. 100-ден аса мақала жазған.Марапаттары: Әйтеке би», «Бұқарбай батыр»,«Темірбек Жүргенов» медальдарымен марапатталған.«Үздік Ұстаз 2018» республикалық байқауының жеңімпазы;«Мерейлі отбасы-2018» республикалық конкурсының Алматы қаласы бойынша Гран-при иегері;ҚР Мәдениет қайраткері,Халықаралық ақпараттандыру Академиясының Академигі,Жалағаш ауданының Құрметті азаматы


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2017

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
22.12.1999
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0