1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға түстім. 2000 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің "Қолданбалы экология" мамандығы бойынша "инженер-эколог" біліктілігін үздік аяқтадым. Еңбек жолын 2000 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, "Қолданбалы экология" кафедрасында стажер-зерттеуші лауазымында бастадым. 2003-2006 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ң аспирантурасында күндізгі бөлімде. оқыдым. 2009 жылы "Табиғи және сарқынды суларды тазарту үшін кондициялық емес бокситтен алынған коагулянтты пайдалана отырып, қоршаған ортаға техногендік жүктемені төмендету" тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, 25.00.36 – Геоэкология мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері 18 ден астам еңбектерде және екі авторлық куәлікте жарияланған. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс атқарамын.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ |
Жоғары |
2000 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
22.06.2009 |
3
құжаттар
0