Құтжанова Асқан Нұртайқызы 1978 жылы 8-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Сызған кеңшарында (бұрынғы аталуы – Сызған совхозы) көп балалы жанұяда дүниеге келген. Әкесі – Құтжанов Нұртай Құтжанұлы елге өте сыйлы, білімді, бірнеше жыл ауыл ішінде басқару жұмыстарында қызмет істеп, елге танылған және Ұлы Отан соғысының ардагері болған. Анасы – Амалбекова Күлсін Амалбекқызы 13 ұл мен қызды тәрбиелеп, жақсы жар, аяулы АНА ретінде көп ішінде үлкеннің батасын алып, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білетін көп балалы Батыр Ана болған. Осындай ардақты ата-ананың перзенті Асқан Нұртайқызы 1994 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң, өз өтініші бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Қайнар ұжымшарына жұмысшы болып қабылданған (Бұй. № 209, 01.07.1994 ж.). Сол жылы Түркістан қаласындағы «Түркістан индустриальды педагогикалық колледжінің ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығына оқуға түседі де, оны 1997 жылы үздік дипломмен тәмамдайды. Колледжді бітірген соң, осы жылы (1997 ж.) Кентау қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институтының экология мамандығына оқуға түсіп, оны «эколог, оқытушы» біліктілігіне сай 2001 жылы бітірген соң, осы сала бойынша білімін одан әрі жетілдіру мақсатында магистратурада оқуын жалғастырады (2001-2003 ж.ж.). 2003 жылы аталмыш мамандық бойынша магистратураны бітірген соң, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өндірістік экология» кафедрасына қызметке қалдырылып, алғашқы педагогтік еңбек жолын бастады. Құтжанова А.Н. жоғары оқу орнында қызмет жасай жүріп, кафедраның оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы, топ тәлімгері ретінде және т.б. қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 2003 жылы Кентау қаласындағы әкімшілік тарапынан ұйымдастырылған «Жас маман» атты сайыста «бас жүлделі» орынды иеленіп, қалалық Әкімнің грамотасымен марапатталды. Ғылымдағы және оқу үрдісі мен студенттерді тәрбиелеудегі еңбегі мен жетістіктері үшін университет ішілік алғыс хаттармен марапатталған. Ғылымға деген ынтасы мен қабілеттілігінің арқасында 2007 жылы техника ғылымдарының докторы Дәрібаев Жұманәлі Еркінбекұлының жетекшілігімен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 25.00.36. – «Геоэкология» мамандығы бойынша «Мұнай шламы мен күлді агломерациялық өңдеу арқылы залалсыздандыру» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Оңт.Қазақстан Мемл.Университеті |
Жоғары |
2016 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
22.11.2007 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
01.01.2001 |
8
құжаттар
6