Мен, Сәрсенова Әйгерім Жангелдіқызы, 1980 жылы 29 тамызда
Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысында дүниеге келдім. Отбасы
және төрт балам бар. Тұрғылықты мекен-жайым Алматы қаласы, ПК
Конаев 336/6, 1 пәтер.
1997 жылы орта мектепті тәмамдап, әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің, Теориялық экономика мамандығына оқуға
қабылдандым. 2002 жылы оқу орнын сәтті аяқтап экономист,
экономикалық теория пәнінің оқытушысы біліктілігін алдым.
2002 жылдың 1-ші қыркүйегінен мемлекеттік жолдамамен Түркістан
қаласы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті, Экономика кафедрасына оқытушылық қызметке
қабылдандым. 2002-2017 жылдары педагогикалық қызмет барысында
оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік бағыттарда жұмыстар атқардым.
Бірнеше ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын жүргіздім. Сонымен
қатар, оқу-әдістемелік жинақтар мен ғылыми мақалалар жарияладым.
Университет ректоры тарапына алған алғыс хат пен марапаттарым
бар.
2022 – 2024 жылы М070 Экономика бағдарламасы бойынша А.Ясауи
атындағы ХҚТУ-де мемлекеттік грант негізінде магистратураны
оқып, экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым.
Диссертация тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар жарияладым.
2024 жылдың 1-ші қыркүйегінен D070 Экономика бағдарламасы
бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не білім беру гранты негізінде
докторантуаға қабылдандым. Сонымен қатар, осы оқу жылында
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Денсаулықсақтау менеджменті мен
саясаты кафедрасының оқытушысы қосалқы қызметін атқардым.
2025 жылдың 1-ші қыркүйегінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
Экономика кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылдандым. Мен ҚР
БҒМ Ғылым комитетінің Экономика институтына қарасты «Экспортқа
бағдарланған өндірісті дамыту тетіктері: іске асырудың заманауи
тәсілдері мен бағыттары» атты гранттық ғылыми жобаның қатысушысы
және 2 курс докторантымын.
Бос уақытымды отбасыма және өзімді жетілдіру мақсатында шет
тілдерін үйренуге жұмысаймын. Қазіргі таңда ағылшын, түрік
тілдерін жетілдірудемін. Әрдайым өзімнің кәсіби құзыреттерімді
жақсартуға ұмтыламын және жаңа дүниелерді меңгеруге дайынмын.
Құрметпен,
Ә.Сәрсенова