Тұраров Дәурен Рысқұлұлы 2004ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бизнесті бағалау мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде макро-микроэкономика кафедрасында оқытушы болып жұмыс жасайды. 08.00.13 – экономиканың математикалық және инструменталдық әдістері мамандығы бойынша 2011 жылы 30 маусымдағы шешімімен (№ 6 хаттама) экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2007ж. қыркүйек - 2008ж. тамыз аралығында ҚазҰУ-дің Экономика және Бизнес факультетінің тәрбие жөніндегі деканның орынбасары қызметін атқарды. 2012 ж. қыркүйек - 2013 ж. тамыз аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебінің экономика кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап экономика кафедрасы бойынша аға эдвайзерлік қызметті атқарып келеді. 2021 жылдан бастап Экономика және бизнес жоғары мектебінде этика мүшесі. 2023-2024 оқу жылдарында Университеттің этика мүшесі. Қазіргі таңда Экономика және бизнес жоғары мектебінің экономика кафедрасында экономика ғылымдарының кандидаты аға оқытушы қызметін атқарады. 2021 жылғы 25-28 қазан аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы оқытушыларды Анталия Білім университетіне «Түрік жоғары білім беру жүйесімен» танысуға, біліктілікті арттыру курстарын алды. 2024 жылдың 24 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы «6B04103 — Экономика» білім беру бағдарламасы аясында «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Кәсіпорын экономикасы» пәндері бойынша XVІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада да 1-орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Феникс» командасы (жетекшілері: Какижанова Толқын Исатаевна, Тураров Даурен Рыскулович) иеленді. 2018 ж. желтоқсан. Құрмет Грамотасы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоғары нәтижелі еңбегі мен университет дамуы жолындағы елеулі үлесі үшін Тұраров Дәурен Рысқұлұлы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов марапаттады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының 12 қаңтар 2024 жылғы №17 бұйрығымен «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталды. Тұраров Д.Р. Экономика кафедрасында келесі пәндік курстартар оқылды: 1) бакалавриаттарға - 38. 2) Магистранттарға - 6. 3) Докторантура – 1. Ғылыми-педагогикалық стажы 21 жыл.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2007

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2004

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
30.06.2011
Қызығушылығы