Мен, Мурабилдаева Риза Алимахуновна, 1991 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келдім.
2009 жылы орта мектепті аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсіп, «Құқық
негіздері және экономика» мамандығы бойынша білім алдым. 2013 жылы бакалавриат бағдарламасын
сәтті аяқтап, сол жылы Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» мамандығы бойынша
магистратурасына қабылдандым. 2015 жылы магистратураны жоғары академиялық көрсеткішпен, GPA
3,86 нәтижесімен бітірдім.
Магистратурадан кейін ғылыми-педагогикалық салада жұмыс істей бастадым. Экономикалық талдау,
оқыту әдістемесі, зерттеу дағдылары бойынша тәжірибем артып, кәсіби бағыттағы білімімді
тереңдеттім. 2022 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Экономика» мамандығы бойынша
докторантурасына қабылданып, ғылыми-зерттеу жұмысымды табысты қорғадым. Докторантура
кезеңінде ККСОН журналдарында 4 мақала, халықаралық конференцияда 1 баяндама және Scopus
базасындағы журналдарда 2 ғылыми мақала жарияладым. 
Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика кафедрасында аға
оқытушы қызметін атқарамын. Оқу процесінде жауапкершілік, кәсібилік және студенттермен жұмыс
істеудің жоғары мәдениетін көрсетемін. Әріптестермен өзара құрметке негізделген үйлесімді
жұмыс жүргіземін. Ғылыми-педагогикалық тәжірибем он жылдан аса уақытты қамтиды.
Алдағы мақсатым — зерттеулерді жалғастырып, Қазақстан экономикасының өзекті мәселелерін
шешуге бағытталған ғылыми нәтижелерге қол жеткізу және білім беру сапасын арттыруға үлес
қосу.