Нұрғазы Шыңғыс Әскербекұлы — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, Farabi Journal of Social Sciences ғылыми журналының бас редакторы. 1994 жылы дүниеге келген. 2012–2016 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде білім алған. 2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. 2022 жылы Нархоз университетінің докторантура бағдарламасын сәтті аяқтады. 2018 жылдан бері ҚазҰУ-дың «Экономика» кафедрасында қызмет етіп, ғылыми-зерттеу, оқытушылық және редакциялық жұмыстарды ұштастырып келеді. Германия, Италия және Литва елдерінде кәсіби тағылымдамадан өткен. Шыңғыс Әскербекұлы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, бұл оның халықаралық әріптестермен байланысын кеңейтуіне және факультеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін дамытуына мүмкіндік береді. Марапаттары мен жетістіктері: • «ТМД-ның үздік жас ғалымы – 2022» • «Қазақстанның үздік жас оқытушысы – 2022» • «ҚазҰУ-дың үздік эдвайзері – 2023» • Qazaq Uni нұсқасы бойынша «Жыл адамы — 2022»


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2016
Қызығушылығы