АВТОБИОГРАФИЯ 1959 жылы туған Ережепова Айманкүл Абдықаимқызы, ұлты – қазақ, жоғары білімді. 1981 жылы А.А. Ережепова С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін «Саяси экономика» мамандығы бойынша аяқтап, «саяси экономия оқытушысы, экономист» біліктілігін алды. Университетті бітіргеннен кейін еңбек жолын Қазақ ҒЗИ экономика және АӨК ұйымдастыру институтында бастады: – «Ауылдың әлеуметтік мәселелері» бөлімінің экономисті (1981), – 1991–1994 жж. аталған институттың штаттық аспирантурасында оқыды, – 1994–1997 жж. «Бизнес ұйымдастыру» бөлімінің ғылыми қызметкері болды. 1998 жылы 08.00.28 – «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1998–2001 жж. АӨК экономика және ұйымдастыру ҒЗИ «Шаруашылық жүргізу формалары» бөлімінің аға ғылыми қызметкері қызметін атқарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2001 жылдан бері жұмыс істейді. 2001–2005 жж. «Маркетинг және коммерция» кафедрасының аға оқытушысы, 2005–2011 жж. конкурстан өтіп, аталған кафедраның доценті болды. 2011–2013 жж. «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2009 жылы Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің «Үздік оқытушы» атағына ие болды. Сол жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды. 2011 жылы ҚазҰУ-дың «Үздік оқытушысы» атағын қайта иеленді. 2013 ж. қазан–қараша айларында «Экономика» кафедрасының міндетін атқарушы меңгерушісі болды. 2013 ж. қарашадан 31.08.2013 ж. дейін кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдан бері (доцент, доцент м.а., аға оқытушы, ассистент-профессор ретінде) Экономика кафедрасында еңбек етуді жалғастырып келеді. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 27 жыл, жалпы еңбек өтілі – 44 жыл. Ережепова А.А. – экономика ғылымдарының кандидаты, 70-тен астам баспа табақтан асатын 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы. Ғылыми мақалалары Scopus және Web of Science базаларында жарияланған. Кафедрада бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде дәріс оқиды: Бакалавриат: «Кәсіпкерлік» Магистратура: «Бизнесдің инновациялық дамуы», «Экономикадағы зерттеу әдістері», «Методы исследования в экономике» Докторантура: «Ғылыми зерттеу әдістері», «Методы научных исследований» 2018 жылы «Қазақ университеті» баспасынан Ережепова А.А.-ның «Инновационное предпринимательство» атты оқу құралы жарық көрді. Сондай-ақ ол д.э.н. Е.Б. Жатқанбаевтың жалпы редакциясымен ш


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1981

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
30.10.1998
Қызығушылығы