Керімқұлова Алмагүл Рысқұлқызы 2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия факультетінің “Химиялық физика және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы” кафедрасына «Жарылғыш заттар мен пиротехникалық қосылыстардың химиялық технологиясы» мамандығына түскен. 2006 жылы аталған факультетті үздік бітірді. 2004 жылдың 1 қаңтар айынан бастап 2006 жылдың 19 мамыр айлары аралығында «Сот сараптама орталығында», «Заттар мен материалдардың сот сараптамасы» бөлімінде сарапшы көмекшісі болып қызмет атқарған. 2006 жылдың маусымынан 2006 жылдың қарашасына дейінгі аралықта аға сарапшы қызметін атқарды. 2006 қараша айында химия факультеттің “Химиялық физика және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы” кафедрасына аспирантураға түсіп, 2010 жылы 2 шілде күні «Биомедицина бағытында қолданылатын наноқұрылымды сорбенттер» тақырыбына дайындалған диссертацияны қорғап шығып, 2010 жылдың 25 желтоқсанында «01.04.17 – химиялық физика, соның ішінде жану және жарылыс физикасы мамандығы» бойынша химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2010 ж. 1 қазанынан бастап қазірге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінде «Химиялық физика және материалтану» кафедрасында оқытушы көмекшісі, оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2012-2014жж), қызметтерін атқарып келеді. Керімқұлова А.Р. химия және химиялық технология факультетінің студенттері мен магистранттарына «Нанотехнологияға кіріспе», «Наноматериалдардар құрылымын зерттеу әдістері», «Материалтану», «Құрылымдық материалдар технологиясы», «Материалдарды талдаудың эксперименттік әдістері», «Көміртекті наноматериалдар», «Наноматериалдардың химиясы» курстары бойынша дәрістер оқиды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2006 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
25.12.2010 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
13.02.2023 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Химиялық физика |
Берберов |
|
Мансуров З.А., Нажипқызы М.., Діністанова Б.Қ.
Нанотехнология негіздері
"Қазақуниверситеті" 2012 - г. 15 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Мансуров З.А., Нажипқызы М.., Діністанова Б.Қ.
Ассоциация Вузов РК 2015 - г. 20 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Биомедициналық нанотехнология
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 987-601-04-2268-1 11 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Мансуров З.А., Абдулкаримова Р.Г., Онгарбаев Е.К.
Химия и химическая технология
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2202-5 25 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Биомедициналык нанотехнология
Ассоциация Вузов РК 2016 - г. ISBN 978-601-7797-26-3 12 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Азат С..
Белая книга по нано технологиям
" Қазақ университеті " 2018 - г. ISBN 978-601-04-3117-1 1 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Мансуров З.А., Азат С..
Biologica, Physical and Technical Basics of Cell Engineering
Springer 2018 - г. ISBN 978-981-10-7903-0 2 - стр. СИНГАПУР
23
құжаттар
7