Рахимова Бибігүл Уалиевна әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің бакалаврын жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасында химия мамандығын 2000 жылы бітірді. 2001-2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің жалпы химия және химиялық экология кафедрасының магистратурасына түсіп «Лигнин негізінде комплекс түзуші сорбенттер» тақырыбында магистрлік диссертация қорғап 4,5 бағамен аяқтады. 2004-2005 жылдар аралығында 133 орта мектебінде мұғалім қызметін атқарған. 2009-2018 жылдар аралығында химиялық физика және материалтану кафедрасында жетекші маман қызметін атқарды. 2012-2021 жылдар аралығында химиялық физика және материалтану кафедрасында қосымша аға оқытушы қызметін атқарып келді. 2018-2021 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің химиялық физика және материалтану кафедрасының 6D074000-Наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығында докторантурада оқыды. 2021 жылдан бастап химиялық физика және материалтану кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Бибігүл Уалиевна оқу әдістемелік құжаттарды, оқу жұмыс жоспары, оқытушылардың педагогикалық жүктемелерін есептеуді және химиялық өндірістің қондырғыларын жақсы меңгерген. Химиялық және техникалық маманы бойынша теориялық және практикалық білімі терең. Атап айтқанда ИҚ- спектроскопия, ЭПР-сперктроскопиясы, жалынды фотометрия. Эксперименттік жұмыстарды құрастыру және жүргізу әдістері мен әдістемелерін; техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау нормаларын, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғану, нұсқауларды біледі және басқа да нормативті техникалық құжаттармен таныс. Бибігүл Уалиевна Қазақстан Республикасының комерциялық, іргелі және қолданбалы ғылыми – зерттеу жобаларына белсенді қатысып келеді. Қазақстан мен Ресейдің ғылыми баспаларында 20 астам оған қоса 3 Scopus басылымдары, мен 4 оқу құралдары жарық көрген. Қазақстан бойынша 1 патенті бар. Өзінің міндеттері мен талаптарды, нұсқауларды, зертхана, факультет және университет әкімшілік бұйрықтарын орындайды. Компьютермен жұмыс істеуді жетік меңгерген.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2000
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0