Зерттеу бағыты: күйе және полициклді ароматты көмірсутектердің түзілу процестері, химиялық физика, материалтану, физикалық зерттеу әдістері. Білімі: 1981 жылы ҚазМУ-дың химия факультетінің «Химиялық кинетика және жану» кафедрасын үздік бітірді. Ғылыми жұмысты жалғастыру үшін кафедрада қалдырылды. Еңбек өтілі: 10 жылдан астам физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасында аға инженер болып жұмыс істеді. 1991 жылы 01.04.17. – химиялық физика, оның ішінде жану және жарылыс физикасы мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1992 жылдан Эргономика институтында аға ғылыми қызметкер, кейін жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1995- 2000 жж ЖШС (Металлургия институты) химиялық талдау зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2001 - 2005 жылдың тамызына дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінде химия кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2004 жылы химия кафедрасының доценті ғылыми атағы берілді. 2005 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Химиялық физика және материалтану» кафедрасының доценті қызметін атқарып келемін. Басылымдар: 10 оқулық, 60 ғылыми-әдістемелік басылым, өнертабысқа патент, оқулықтарға 3 авторлық куәлік.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1981

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
08.05.1991

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
15.06.2004
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0