Акимбаева Қарлығаш Тұрсынбайқызы 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтап, экономист біліктілігін алды. 1995–2003 жылдары Алматы технологиялық университетінің «Экономика» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды. 2003–2013 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Экономика, есеп және туризм» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2013 жылы Каспий қоғамдық университетінің магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қазақ экономикалық университеті
Магистратура
2013

Қазақ мемл. Басқару Академиясы

Бакалавриат

1995

Қызығушылығы