Мен Жорабаева Жулдызай Куттиевна 1970 жылы 31 қазанда ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қызылқия елді мекенінде дүниеге келдім. Әкем Қарабаев Құтты бухгалтер болып қызмет етіп, 2004 жылы қайтыс болды. Анам Азимова Гулзинат үй шаруасында болып, 2020 жылы қайтыс болды. Екеуі 3 ұл және 4 қыз тәрбиеледі. 1987 жылы «Комсомол» орта мектебін үздік тәмәмдап шықтым. 1989 жылы Шымкент кооперативтік техникумын үздік белгімен бітіріп шықтым. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясына (Нархоз) түсіп, 2000 жылы «Қаржы және несие» мамандығы, «Банк ісі» мамандануы мамандануы бойынша бітіріп шықтым. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасында э.ғ.к., аға оқытушы қызметін атқарып келемін. Отбасылық жағдайым, жолдасым Жорабаев Мұрат Жұмаділлаұлы тергеуші болып қызмет етіп, 1998 жылы жұмыс бабында жүріп жол апатынан қайтыс болды. 1992 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың заң факультетін ойдағыдай тәмәмдап дипломын алған болатын. Ол еңбек жолын 1992-1993 жылдары Алматы қаласындағы Бостандық аудандық прокуратурасында тергеуші болып бастады. 1993- 1996 жылдары Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратурасында аға тергеуші болып қызмет атқарды. 1996-1998 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінде аса маңызды істер жүргізу жөніндегі аға тергеуші болып қызмет етті. 1998 жылдың басынан өмірінің соңғы күніне дейін ол Алматы қалалық ішкі істер бас басқармасына қарасты Қызмет бабындағы қылмыстарды тергеу басқармасында аға тергеуші қызметін атқарды. Үлкен ұлым Жорабаев Нұрсұлтан Мұратұлы 07.04.1991 жылы туылған. 2009 жылы гимназияны бітіріп, Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Көркем-сурет факультетіне «Графикалық дизайн» мамандығына түсіп, 2014 жылы тәмәмдады. 2016 жылы Дайырбаева Айгерімге үйленіп отбасын құрды. Келінім Дайырбаева Айгерім 2013 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Көркемсурет факультеті, «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бакалавр және магистратурасын тәмәмдады. Қазіргі таңда олар Астана қаласында тұрады және де екеуі Аяла, Айбатыр, Алиасқар және Айым атты немерелерімді тәрбиелеп отыр. Ұлым Жорабаев Нұрсұлтан «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорация» АҚ, анонс бөлімінің моушен дизайнері қызметін атқарып келеді. Кіші ұлым Жорабаев Бексұлтан Мұратұлы 01.06.1993 жылы туылған. 2011 жылы №173 дарынды балаларға арналған физика және математика гимназиясын бітірді. 2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰ-де, «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығын тәмәмдады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
ҚазМБА |
Жоғары |
2000 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
25.06.2010 |
5
құжаттар
1