Арыстамбаева Альмира Заурембековна 1973 жылғы 9 қыркүйекте Семей облысы Үржар ауданының Тасбұлақ ауылында дүниеге келген. 1979–1989 жылдары Тасбұлақ орта мектебінде оқып, күміс медальмен бітірді. 1990–1991 жылдары АХШИ (Нархоз) жанындағы дайындық курстарынан өтті. 1991–1995 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару Академиясында (Нархоз) білім алып, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады. 1995–2003 жылдары Абай атындағы АМУ-де «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды. 2003 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Есеп және аудит» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді, қазіргі таңда «Қаржы және есеп» кафедрасында қызметін жалғастыруда. 2011–2013 жылдары Халықаралық бизнес университетінің (УМБ) магистратурасында «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Экономикалық университет
Жоғары
1995
Қызығушылығы