Супугалиева Гулназым Ислямқызы 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (НАРХОЗ) «Қаржы және несие» факультетінің «Банк ісі» мамандануы бойынша үздік бітірді. 2013 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (НАРХОЗ) «6M050900-Қаржы» мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.2003 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасында аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. «Қазақ университеті» баспасынан шыққан «Инвестицияялау негіздері», «Банктік тәуекелдерді басқару», «Сақтандыру», «Шетелдердің қаржылары» оқу құралдарының авторы. 2021-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұсынған журналдарда 5 ғылыми мақаласы жарияланды. Осы кезге дейін нөлдік емес импакт-факторы бар және халықаралық базаларда дәйексөз келтірілген басылымдарда жарияланған мақалалары мен ғылыми конференциялар материалдарында жарияланған мақалалары бойынша ғылымиометриялық көрсеткіші h-индекс-3.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қазақ экономикалық университеті
Магистратура
2013

ҚазМБА

Жоғары

1994

Қызығушылығы

Автордың құжаттары

7

Цитирования
39 по 39

құжаттар

h-индексі

2