Басты бет / Экономика және бизнес жоғары мектебі / Қаржы және есеп / Кыздарбекова Асет Садвакасовна

Кыздарбекова Асет Садвакасовна

Лауазымы: аға оқытушы
       Мен, Қыздарбекова Асет Садвакасовна, Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келдім. Сегіз қыз тәрбиеленген көпбалалы отбасында өстім. 1995 жылы С. Сейфуллин атындағы орта мектептің 1-сыныбына барып, 2006 жылы аталған мектепті аяқтадым. Сол жылы «Алатау» Қазақстан университетіне «Қаржы» мамандығы бойынша ақылы бөлімге оқуға түсіп, 2008 жылы үздік үлгеріміме және көпбалалы отбасынан шыққаныма байланысты мемлекеттік білім грантына ауыстырылдым. 2011–2013 жылдары Қазақстан инженерлік, қаржылық-банктік академиясында «Қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдадым. 2022 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Аудит және салық салу» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға қабылданып, қазіргі уақытта оқуымды жалғастырып келемін. Еңбек жолымды университетті аяқтағаннан кейін бірден бастадым: - 2010–2014 жж. — «Банк ісі академиясы» колледжінде арнайы пәндер оқытушысы, куратор, оқу бөлімінің маманы ретінде; - 2014–2017 жж. — Еуразиялық технологиялық университетте оқытушы, диспетчер, кафедра маманы ретінде; - 2017–2019 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Есеп және аудит» кафедрасының маманы ретінді; - 2019 жылдан бүгінге дейін — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келемін. Жалпы еңбек өтілім — 15 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілім — 10 жыл. Еңбек өтілім барысында ғылыми зерттеулермен және оқу-әдістемелік жұмыстармен белсенді айналысып келемін. Ғылыми бағыттарым: - экологиялық аудит; - орнықты даму және комплаенс; - қаржының цифрландырылуы; - қаржылық сауаттылықты дамыту. 15-тен астам ғылыми жарияланымның авторымын, оның ішінде ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕК және Scopus базасындағы журналдарда жарық көрген мақалалар бар. 2021 жылы «Цифрлық білім беру құралдарын пайдалану» атты мақалама авторлық құқық кәулігін тіркедім. Студенттерім жыл сайын қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми- шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, педагогикалық және ғылыми құзыреттерімді жетілдіріп отырамын. Білім және ғылым саласына қосқан еңбегім үшін бірнеше алғыс хаттар мен дипломдарға ие болдым, олардың қатарында: - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ деканы мен ректорынан берілген алғыс хаттар (2019–2025 жж.); - «Бөбек» қозғалысының «Үздік жас ғалым – 2021» төсбелгісі және I дәрежелі дипломы; - Республикалық конференцияның «Үздік жас ғалым – 2021» төсбелгісі мен куәлігі;
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
Алатау Қазақстан университеті Жоғары 2010
Академикалық дәреже

1

Кыздарбекова Асет Садвакасовна Қазақстан Республикасының экономикасыда цифрлық өзгерістеді іске асыру 2018 - г. 10 - стр. 4

2

Кыздарбекова Асет Садвакасовна Бизнес модельдерді талдау 2019 - г. 9 - стр. 0

3

Кыздарбекова Асет Садвакасовна Өсімдік тектес фнтиоксиданттармен йогурт әзірлеу 2020 - г. 12 - стр. 0

4

Кыздарбекова Асет Садвакасовна Models of Digital Economy 2020 - г. 10 - стр. 0

5

Кыздарбекова Асет Садвакасовна 2020 - г. 8 - стр. 2

6

Кыздарбекова Асет СадвакасовнаНизамдинова А.К. «Жасыл экономикаға» көшу жағдайындағы экологиялық комплаенс тұжырымдамасын қолданудағы тәуекелдер және оны дамыту жолдары 2023 - г. 14 - стр. 99

7

Кыздарбекова Асет Садвакасовна ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ 2023 - г. 12 - стр. 0

8

Кыздарбекова Асет Садвакасовна Экологиялық аудит қоршаған ортаны жақсарту мен қорғаудың негізгі құралы ретінде 2024 - г. 12 - стр. 0

9

Кыздарбекова Асет Садвакасовна Табиғи ресурстарды барлау және бағалау шығындарын қаржылық бағалау: пайдалы қазбаларды барлау мен бағалаудың тұрақты әдістері арқылы экологиялық теңсіздікті жою 2024 - г. 15 - стр. 0

10

Кыздарбекова Асет Садвакасовна Қазақстанда жасыл экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі экологиялық аудиттің рөлін бағалау 2025 - г. 179 - стр. 7
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
0
0
0