Мен, Қыздарбекова Асет Садвакасовна, Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келдім. Сегіз қыз тәрбиеленген көпбалалы отбасында өстім. 1995 жылы С. Сейфуллин атындағы орта мектептің 1-сыныбына барып, 2006 жылы аталған мектепті аяқтадым. Сол жылы «Алатау» Қазақстан университетіне «Қаржы» мамандығы бойынша ақылы бөлімге оқуға түсіп, 2008 жылы үздік үлгеріміме және көпбалалы отбасынан шыққаныма байланысты мемлекеттік білім грантына ауыстырылдым. 2011–2013 жылдары Қазақстан инженерлік, қаржылық-банктік академиясында «Қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдадым. 2022 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Аудит және салық салу» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға қабылданып, қазіргі уақытта оқуымды жалғастырып келемін. Еңбек жолымды университетті аяқтағаннан кейін бірден бастадым: - 2010–2014 жж. — «Банк ісі академиясы» колледжінде арнайы пәндер оқытушысы, куратор, оқу бөлімінің маманы ретінде; - 2014–2017 жж. — Еуразиялық технологиялық университетте оқытушы, диспетчер, кафедра маманы ретінде; - 2017–2019 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Есеп және аудит» кафедрасының маманы ретінді; - 2019 жылдан бүгінге дейін — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келемін. Жалпы еңбек өтілім — 15 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілім — 10 жыл. Еңбек өтілім барысында ғылыми зерттеулермен және оқу-әдістемелік жұмыстармен белсенді айналысып келемін. Ғылыми бағыттарым: - экологиялық аудит; - орнықты даму және комплаенс; - қаржының цифрландырылуы; - қаржылық сауаттылықты дамыту. 15-тен астам ғылыми жарияланымның авторымын, оның ішінде ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕК және Scopus базасындағы журналдарда жарық көрген мақалалар бар. 2021 жылы «Цифрлық білім беру құралдарын пайдалану» атты мақалама авторлық құқық кәулігін тіркедім. Студенттерім жыл сайын қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми- шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, педагогикалық және ғылыми құзыреттерімді жетілдіріп отырамын. Білім және ғылым саласына қосқан еңбегім үшін бірнеше алғыс хаттар мен дипломдарға ие болдым, олардың қатарында: - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ деканы мен ректорынан берілген алғыс хаттар (2019–2025 жж.); - «Бөбек» қозғалысының «Үздік жас ғалым – 2021» төсбелгісі және I дәрежелі дипломы; - Республикалық конференцияның «Үздік жас ғалым – 2021» төсбелгісі мен куәлігі;


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Алатау Қазақстан университеті
Жоғары
2010
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0