Досжан Райгүл Дүкенбайқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Қаржы және есеп» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры. Р.Д.Досжанның ғылыми қызығушылығы экономикалық ғылымдардың өзекті мәселелерін зерттеуге тоғысады. Оның ғылыми еңбектері шағын және орта бизнестің қызметтері, кәсіпорындардағы жобаларды басқару, менеджмент тәуекелін басқару, тұрақты даму мәселелері мен жасыл экономиканы дамыту тетіктері, түрақты даму инновациялары, креативті индустрия, білім және ғылым саласындағы инновациялар, ФинТех тақырыптарын қозғайтын өзекті мәселелер аясын қамтиды. Райгүл Досжан 2011–2014 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D051800 «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша докторантурада оқып, «Шағын және орта кәсіпкерліктегі жобалардың тәуекелдерін басқару» атты тақырыбына диссертациялық жұмысын қорғап, «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленді. 2021 жылы ҚР БҒМ БҒССҚК №779 бұйрығымен 08.00.00 – Экономика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор болды. Еңбек жолын 2005ж.Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің қаржы кафедрасында бастады. 2009 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында PhD, қауымдастырылған профессор лауазымын абыроймен атқарып келеді. 2018-2020 жылдар арасында «Қаржы және есеп» кафедрасы меңгерушісінің ғылыми инновациялық қызмет және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып, ғылыми тәжірибелік колаборация жасауда жасап жатқан үлесі зор. 2017 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік жас ғалымы» конкурсын жеңіп, Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби аттындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. AP08053346 - «Тұрақты даму инновациясын олардың экономикалық мақсаттылығы тұрғысынан зерттеу және Қазақстан Республикасында кәсіпорынды тиімді басқаруды құру» гранттық жобасының ғылыми жетекшісі (2020-2022 жж.) болды. Жоба сәтті жүзеге асырылып, нәтижесі ғылыми сараптама тарапынан жоғары бағаға ие болды. АР08052483 - «Креативті индустриялар: Қазақстан Республикасындағы жіктеу мен сандық өлшемдердің әдіснамалық аспектілері» гранттық жобасына қатысып, Scopus деректер базасына кретін журналға зерттеу нәтижелері жарияланды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Қазақ мемл. Басқару Академиясы |
Жоғары |
2003 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
PhD докторы |
01.05.2016 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
01.01.2001 |
31
құжаттар
9