1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 2002 жылы докторлық диссертация қорғады. «Қаржы, ақша айналымы және несие» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының докторы дәрежесі бар (08.00.10). Доцент.Еуразия халықаралық экономика академиясының академигі. Оның қаржы саласында үлкен тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінде, Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорында, лизингтік компанияларда жұмыс істеген. Қазақ-Британ техникалық университеті мен Нархоз университеті ректорының инновация, институционалдық және стратегиялық даму мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған.Қазақстан Республикасындағы қаржы секторын дамыту және жоғары білім беру жүйесін реформалау мәселелері бойынша 90-ға жуық ғылыми жарияланымдар, оның ішінде 2 монография, 3 оқулық (бірлескен авторлық) және 2 оқу-әдістемелік құралы жарық көрді. 2021 жылғы «Үздік педагог» республикалық тәуелсіз қоғамдық байқауының жеңімпазы. 2022 жылғы «ТМД ел дерінің үздік оқытушысы» академиялық қызметкерлердің халықаралық байқауының жеңімпазы. 2025 «ҒЫЛЫМ ҚАЙРАТКЕРІ» Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқауының жеңімпазы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Қазақ мемл. Басқару Академиясы |
Жоғары |
1994 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Доктор |
01.08.2021 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
доцент |
01.01.2001 |
0
құжаттар
0